2018жылғы 23 сәуірде қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында БҰҰ Балалар қорымен(ЮНИСЕФ) 2008жылы құрылған бірегей ұйым – Өскемен қаласы әкімдігінің Отбасын және балалықты қолдау орталығының 10жылдық мерейтойы өткізілді.
Бұл балалық пен отбасы мәселелері бойынша өз бойында әдістемелік, алдын-алу, түзету және кеңес беру қызметтерін біріктірген Республикамыздағы алғашқы ұйым. Сонымен қатар Орталық Өскемен қаласының халықаралық «Балаға мейірімді қала» бастамасына қатысушысы ретінде үйлестіруші болып табылады.
10 жыл ішінде орталыққа қиын өмірлік жағдайындағы 7 мыңнан аса балалар мен ересектер, 200-ге жуық отбасылар жүгінген. Олардың 60% өз мәселелерін орталық мамандарының көмегімен оң нәтижемен шеше алды.
...
Читать дальше »