10 сәуірде Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК-да «Менің шағынауданым» акциясы басталды. Аталмыш іс-шара «Балаға мейірімді қала» бастамасын іске асыру аясында қала мектептерінің қатысуымен жыл сайын өткізіледі. Балалар мен жасөспірімдердің өздерін қызықтыратын қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласуы «Балаға мейірімді қала» бастамасының әрекет етуінің негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
Бұл акцияны өткізу мақсаты балалар қоғамы өкілдерін Өскемен қаласының мемелекетттік органдарымен бала құқықтарының іске асырылуын талқылауға тарту болып табылады. Акцияға әлеуметтік дәрежесі мен жағдайына қарамастан өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары, Жас Ұлан мүшелері, балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.
Акция барысында қатысушылар өздерінің шағынаудандарындағы мәселелерге қатысты өз ойларын айтады және ұсынылған бала құқықтарын қорғау саласындағы бағыттар бойынша қаламыздың басқару органдары өкілдеріне сұрақтартарды әзірлейді.
<
...
Читать дальше »