2018жылғы 12 – 16 наурыз аралығында Отбасын және балалықты қолдау орталығы «Өмір, мен сені жақсы көремін» акциясы арналған іс-шаралар өткізді. Жыл сайын бұл акция қала мектептерінде барлық көріністерде өмірге деген құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Акцияға қаланың № 4, 5, 7, 9, 10, 15, 19, 36, 38, 39, 44, 45, 46, АОМ, МОМ барлығы 385 жасөспірім қатысты.
Биылғы жылы балаларға арналған сабақ белсенді шығармашылық түрде өткізілді. Қатысушылар 3 топқа бөлінді, әрқайсыларында «Қала», «Саяжай», «Кемежай» тақырыптарында ақ-қара түсті суреттер топтамасы болды. Барлық балаларға белгілі бір суретті таңдап, оған түрлі-түсті бояумен түрлендіріп, оның мәні мен маңыздылығы туралы: бізге не үшін қажет және қандай қызмет атқаратындығы туралы айту қажет болды. Жұмыс аяғында қатысушылар үлкен қағаз бетіне өз ойларынща қажетті орын таңдап, ортақ сурет шығару үшін бөлшектерді орналастыру қажет болды.
Осылайша бізді қоршаған табиғат құбылыстары, қала мен теңіз әлемінің ажырамас бөліктері мысалында әрбір қатысушы өзінің бұл өмірдегі бірегейлілігі, маңыздылығы мен өз өміріндегі мәні туралы түсінік қалыптастырды.
...
Читать дальше »