Пятница
26.04.2024
17:27
Приветствую Вас Гость
RSS
 
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"ОТБАСЫН ЖӘНЕ БАЛАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ” КМҚК
КГКП «ЦЕНТР ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ И ДЕТСТВА»
АКИМАТА ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА
Главная Регистрация Вход
»
Меню сайта

Прогноз погоды

Главная » 2018 » Март » 19 » Положение о конкурсе ко Дню семьи
18:41
Положение о конкурсе ко Дню семьи

2018 жылғы 15 мамырда Халықаралық Отбасы күніне арналған

«Біздің күшіміз бірлікте» атты байқау туралы

ЕРЕЖЕ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Біздің күшіміз бірлікте» байқауы «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ және Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК бастамасымен 2018 жылғы 3  сәуір мен 15 мамыр аралығында Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында  өткізіледі.

Байқаудың жалпы идеясы:  Бірлікке шақыратын квесттерді құру және табысқа жетуге ынталандыру.

Ағылшын тілінен аударғанда quest сөзі «ізденіс, тапсырмаларды орындау»  дегенді білдіреді. Квест деп қатысушылармен бірнеше тапсырмалар орындалып, белгілі бір нәтижеге жететін ойынды атаймыз. Мұндай ойындарды өткізу тәсілдері біршама әртүрлі. Оларды ұй жағдайларында, қала көшелерінде, арнайы безендірілген арнайы бөлмелерде өткізуге болады. Кез-келген квесттің мақсаты барынша көп мақсаттарды анықтау. Ол үшін ойын қатысушыларына бір-бірімен әрекеттесуге,  қолда бар ақпаратты талдауға,  икемділігін, ақылы мен бар дағдыларын пайдалануға болады.

Ойын барысында кейіпкерлер белгілі бір жағдайларды бастан кешіреді және белгілі бір тапсырмаларды орындайды. Квесттер дамытушылық ойындар қатарына жатады, сондықтан  ересектерге де, балаларға да пайдасын тигізеді.  Мұндай тапсырмалар баланы ойлануға,  қиын жағдайдың шешімін табуға итермелейді, ал бұл өз кезегінде  логиканы, ойлау қабілетін дамытады, балаларды басқа қатысушылармен бірлесе әрекет етуге, олармен қарым-қатынасқа түсуге үйретеді.

Квесттерге қатысу арқылы бала өз бойында жаңа қабілеттерді, жаңа мінез ерекшеліктерін ашады,  сонымен қатар жарықн эмоциялар мен естен кетпес әсер алады.

 

Мақсаты: Отбасылық квесттерді құру және олардан өту арқылы отбасылық құндылықтар жүйесінде Рухани жаңғыру идеясын іске асыру.

Міндеттері:

  1. Мықты мемлекет негізі ретіндегі отбасы бірлігі туралы түсінікті кеңейту;
  2. Өмірлік қиындықтардан өту үшін отбасы мүшелерінің барлығының бірігуі туралы түсінікті кеңейту.
  3.  Өмірлік қиындықтардан өту үшін отбасы мүшелерінң барлығының бірігу мәні мен рөлін арттыруү
  4. Бірлескен қызмет пен шығармашылық үшін жаңа мүмкіндіктер ашу;
  5. Рухани және отбасы құндылықтарын нығайту үшін жағдай жасау.

Байқауға әлеуметтік жағдайына, мәртебесіне, ахуалына қарамастан Өскемен қаласында тұратын барлық балалы отбасылар қатыса алады.

Байқау туралы ереже білім беру бөлімінің,  отбасын және балалықты қолдау орталығының http://centerpsid.ucoz.ru/ сайтына, «Мой мир»қоғамдастығында center_podderzhki@mail.ru, ВКонтактіде орналастырылады және барлық білім беру мекемелеріне электрондық пошта арқылы жіберіледі.

 

БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Байқау  2 кезеңнен тұрады:

1 кезеңмектепішілік (сырттай) –   2018 жылғы 3-20  сәуір аралығы.

Қатысушыларға барлық отбасы мүшелеріне арналған өзіндік квест ойлап шығару ұсынылады, квест бағыты төменде ұсынылғандардың ішінен дербес таңдалады:

  • Спорттық-сауықтыру (күш, жылдамдық, икемділікке бағытталған, белгілі спортшылардың спорттық жетістіктері мен табыстарымен байланысты тапсырмалар. Сонымен қатар, спорттық құрал-жабдықтарды пайдаланумен өткізілетін тапсырмалар: доп, арқан, бөренелер, швед қабырғалары, обруч, секіргіштер және т.б.) 
  • Мәдени-ағартушылық (әлемдік және ұлттық мәдениетті білігу бағытталған тапсырмалар: музыка, көркем және әдеби шығармалар, театр және кино әлемі,  белгілі мәдениет қайраткерлері)
  • Тарихи-патриоттық (әлемдік және ұлттық тарихты, белгілі оқиғалармен тарихи ғұлама тұлғаларды,  тарихи жерлерді және олардың өзара байланысын  білуге бағытталған тапсырмалар).
  • Интеллектуалды-танымдық(логика мен ойлауды, үғыптылық пен тапқырлықты  дамытуға бағытталған тапсырмалар,)
  • Шығармашылық (Кез келген шығармашылық қабілетті көрсетуге немесе кез-келген қарапайым мәселені кративті шешуге бағытталған тапсырмалар ).

 

Дайын квесттер және оларға түсініктемелер электронды түрде Отбасын және балалықты қолдау орталығының  электрондық мекен-жайына (center_podderzhki@mail.ru)  жіберіледі немесе Киров көш, 63, мекен –жайы бойынша цифрлық тасымалдағыш құралдарында (диск, флэш-тасымалдағышында және т.б.) № 404  кабинетке 2018жылғы 20сәуірге дейін жіберілуі қажет. Материалдар қазақ немесе орыс тілдерінде орындалуы мүмкін. Жұмыстар талаптарға сәйкес әділ-қазылар алқасымен бағаланады(төмен қараңыз).

Бірінші кезең қорытындысы бойынша әр бағыт бойынша  үздік квесттер таңдалады, олар жалпы ортақ квест тапсырмаларына айналады. Ал бұл квест-авторлары, отбасылар мәре қатысушылары болады.

 

Квест   мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар:

  1. Квест байқау тақырыбына, мақсат-міндеттеріне, таңдалып алынған бағытына сәйкес келуі тиіс.
  2. Квесттің жалпы идеясы мен аяқталуы
  3. Квест кезеңдері мен мазмұны наұты ойластырылып, түсіндірілуі тиіс.
  4. Бейне  көрініс ересектер мен балалардың қатысуымен түсіріледі.
  5. Квест әр түрлі жастағы ересестер мен балаларға арналған тапсырмаларды қамтуы тиіс
  6. Квест ұзақтығы 60 минут шамасында(1сағат) .
  7. Міндетті түрде квест тақырыбы, бағыты,  идеясы, қатысушылардың жас мөлшері, отбасы мәліметтері(үлгіні қараңыз) жазылған титул парағы болуы тиіс:
  • Отбасы мүшелерінің АТӘ
  • Отбасы құрамы
  • Сіз таныстыратын мектеп
  • Байланыс  мәліметі (мекен-жайы, телефоны, е-mail)

Талаптарға сәйкес рәсімделмеген немемее белгіленген мерзімнен кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

ҮЛГІ

 

Квест тақырыбы: Пираттық қазынаны іздеу

Бағыты: спорттық-сауықтыру

Идея: әр кезеңді өту барысында қатысушылар әр пиратқа қажетті заттарды іздейді, квест соңында оларды қазынаға айырбастап пираттар қатарына алынады.

Қатысушылар жасы: 8 жастан бастап

Отбасы: Смирновтар

Отбасы құрамы:

шешесі – Смирнова Ирина Николаевна,

әкесі – Смирнов Петр Васильевич,

балалары – Смирнова Ольга Петровна (7 жас), мектеп (бала-бақша) №_________

Потапов Игорь Петрович (12 жас), мектеп (бала-бақша) №_________

Мекен-жайы: Өскемен қаласы

Тихая көшесі,. 8 д,  54 үй

Телефон: 75-55-55, ұялы телефоны: 8 777 777 77 77

 е-mail:

 

 

Бағалау қағидалары:

  1. Квест талаптарына сәйкестігі.
  2. Байқау  мақсаты мен міндеттеріне  толық сәйкестігі.
  3. Әр кезеңнің логикалық аяқталуына және идеяны ж.зеге асыруға бағытталуы
  4. Квестте ұсынылған тапсырмалардың және қызмет түрлерінің әр түрлілігі
  5. Жас ерекшеліктерін ескеру
  6. Әр қатысушының белсенділігі және қатысуы
  7. Шығармашылық көзқарас, бірегейлілігі

 

2 кезең – қалалық  – 2018жылғы 15 мамыр – «Біздің күшіміз бірлікте» отбасылық квест.

2 кезеңге өткен 5 отбасы өздері құрастырған үздік квест тапсырмаларын орындайды.  Өткізу орны мен уақыты қосымша хабарланады.

Қағидалар:

  • Отбасының бірлігі мен жұмылуы
  • Отбасының рухани бірлігі
  • Шығармашылық белсенділігі
  • Мақсатқа жету

МАРАПАТТАУ

2 кезең нәтижесі бойынша 1, 2, 3 орын, номинациялыр бойынша   грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Байқау қорытындысы орталықтың http://centerpsid.ucoz.ru / сайтында, білім беру бөлімінің сайтына: http://oouk.vko.gov.kz/ru; Мой мир», ВКонтакте, ФБ, қоғамдастығында center_podderzhki@mail.ru,   , БАҚта жарияланады.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Просмотров: 291 | Добавил: lenok | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Мини-чат
300

Поиск

Календарь
«  Март 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz