Среда
26.09.2018
10:24
Приветствую Вас Гость
RSS
 
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"ОТБАСЫН ЖӘНЕ БАЛАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ” КМҚК
КГКП «ЦЕНТР ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ И ДЕТСТВА»
АКИМАТА ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА
Главная Регистрация Вход
Меню сайта

Прогноз погоды

Главная » 2018 » Август » 26 » Қазақстандық Отбасы күніне арналған «Отбасылық бақыт кілті» атты ашықхаттар байқауы туралы ЕРЕЖЕ
17:33
Қазақстандық Отбасы күніне арналған «Отбасылық бақыт кілті» атты ашықхаттар байқауы туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстандық Отбасы күніне арналған

«Отбасылық бақыт кілті» атты ашықхаттар байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Отбасылық бақыт кілті» атты ашықхаттар байқауы Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК бастамасымен 2018 жылғы 20 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қазақстандық отбасы күнін мерекелеу аясында  өткізіледі ( қыркүйектің 2 жексенбісі – 2018жылғы 9 қыркүйек)

Мақсаты:  дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жандандыру және отбасы институтын нығайту.

Міндеттері:

1) Отбасы мүшелерінің бірлескен қызметін ұйымдастыру, пайдалы мәдени демалыс, жақын, эмоциялық маңызды қатынастар пайда болуына ықпалдасу.

2) Ата-бабаларға құрмет көрсету, олардың тәжірибесі және осы тәжірибеге ризашылық білдіру және оны қолдану мүмкіндігін қалыптастыру.

3) Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау және нығайту.

Байқауға әлеуметтік жағдайына, мәртебесіне, ахуалына қарамастан Өскемен қаласында тұратын барлық балалы отбасылар қатыса алады.

Байқау туралы ереже отбасын және балалықты қолдау орталығының http://centerpsid.ucoz.ru/ сайтына, «Мой мир» center_podderzhki@mail.ru қоғамдастығында орналастырылады және барлық білім беру мекемелеріне электрондық пошта арқылы жіберіледі.

БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Байқау 2 кезеңде жүргізіледі:

1 кезең - сырттай - 2018 жылғы 30 тамыз бен  6 қыркүйегі.

Қатысушылар әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, «Отбасылық бақыт кілті» тақырыбында ашықхат жасауы керек (төменде қараңыз). Бұл ашықхат барлық отбасы мүшелерінің бақытты болуының  негізгі қағидасын көрсетуі керек. Ашықхатқа міндетті түрде  түсіндірме (прозалық немесе поэтикалық түрде) және оларға иллюстрациялар болуы керек. Негізгі шарттардың бірі  - бүкіл отбасы мүшелері ашықхат жасауға қатысуы.

Бір отбасы орыс немесе қазақ тілінде 1 ашықхат жасауға құқығы бар. Ашық хатқа  орыс немесе қазақ тілінде рәсімделген автор туралы ақпарат қоса беріледі (үлгіні қараңыз)

Рәсімделуге  қойылатын талаптар:

  • Дайын ашықхат А4, А5 форматында рәсімделеді;
  • Мәтін еркін түрде жазылуы мүмкін (компьютерде терілген, қолмени жазылған, комикстер ретінде, кесілген әріптерді(сөздерді) және т.б) және «Отбасылық бақыттың кілті неде?»;
  • Мәтін жанры өз бетінше таңдалады (ертегі, әңгіме, өлең, сипаттама және т.б.);
  • Иллюстрациялар сурет, аппликация, коллаж және т.б.түрінде орындалуы мүмкін;
  • Әсемдеу, эстетикалық рәсімдеу әр түрлі материалдарды қолданумен орындалады: түрлі түсті қағаз, қатты қағаз, фотосуреттер, журналдардан кеспелер, декорлық рәсімдеу ( бұлттан немесе ленталармен декор жасау, айқын пайеткалар, акрил бояулауры және т.б.)
  • Автор туралы мәлімет ашықхаттың артқы жағында:  шрифт Times New Roman 14, барлығы бас әріппен, беттің сол жағына орналастырылады

Ашықхат туралы мәлімет:

ҮЛГІ

Отбасы  (ТАӘ)

Құрамы: аты, әкесінің аты, жасы. Балалар үшін тек аты ғана.

Үйінің мекен-жайы

Үй телефоны, ұялы (әрекеттегі)

Электронды мекен-жай

Ивановтар отбасы

Құрамы : анасы Инна Викторовна – 37 жас

Әкесі Иван Петрович – 42 жас

Ұлы  Роман – 5 лет

Қызы  Светлана – 11 лет

Ул.Тихая, 24-36, тел.3-22-3-22-3-22

Эл.пошта: center_podderzhki@mail.ru

Дайын ашықхаттарды келесі  мекен-жайға жеткізу керек: Киров к.,63 Отбасын және балалықты қолдау орталығы (Оқушылар шығармашылық сарайының ғимаратында), 4 қабат,  404бөлме 2018 жылғы 6 қыркүйегіне дейін. Жұмыстарды әділ қазылар алқасы критерийлерге сәйкес бағалайды (төменде қараңыз).

Сырттай кезең нәтижесі бойынша 5-6 үздік жұмыстар іріктеліп алынады, олар байқаудың екінші кезеңіне қатысады. Рәсімдеу  талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстар келесі кезеңге қатыспайды.

Жұмысты бағалау критерийлері:

1) тақырыпқа сәйкестігі;

2) нақты кеңестердің, ұсыныстардың,нақты уақытта шынайы отбасыға арналған «рецептілердің» болуы

3) эмоционалды бояу, әңгімелеу сипаты;

6) шығармашылық тәсіл, альбомның жоғары сапалы және әсем дизайны;

2 кезең – ашық  20 қыркүйек 2018жыл - бір шай басында кездесу. Екінші кезеңге өткен отбасылар шай басында Отбасын және балаларды қолдау орталығында «Бақыт кілтімен бөлісу» тақырыбында әңгімелеседі. (Кирова көшесі, 63, 405 каб.)

Еркін әңгімелесу барысында отбасы мүшелері отбасылық бақыт кілтін және оны қалай көбейтуге болатындығымен бөліседі:

Әңгімелесу үшін сұрақтар:

1) отбасылық бақыт рецепті. Бұл нені білдіреді, ол қандай болады?

2) ұрпақтан ұрпаққа қандай рецептілер (дәстүрлер) алынады?

3) Бақытты болу үшін қандай компоненті (үлес) отбасының әрбір мүшесі енгізеді?

5) Біз танысқан рецептілердің ішінде ортақ қасиеттер бар ма? Бұл нені білдіреді?

6) Бақытты отбасы адам өмірінде, мемлекетте қандай рөл атқарады?

 

МАРАПАТТАУ

Финалға қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Байқау қорытындысы орталықтың http://centerpsid.ucoz.ru / сайтында, білім беру бөлімінің сайтына: http://oouk.vko.gov.kz/ru; Мой мир», ВКонтакте, ФБ, қоғамдастығында center_podderzhki@mail.ru,   , БАҚта жарияланады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Просмотров: 26 | Добавил: lenok | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Мини-чат
300

Поиск

Календарь
«  Август 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz