Суббота
20.04.2024
06:46
Приветствую Вас Гость
RSS
 
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
"ОТБАСЫН ЖӘНЕ БАЛАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ” КМҚК
КГКП «ЦЕНТР ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ И ДЕТСТВА»
АКИМАТА ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА
Главная Регистрация Вход
Каталог файлов »
Меню сайта

Категории раздела
Мои файлы [49]
10 заповедей родительства [0]
10 заповедей родительства

Прогноз погоды

Главная » Файлы » Мои файлы

Лучшие социальные проекты конкурса (Школа № 44)
14.12.2016, 19:13

                                                 Түсінік хат

Осы жобаға сәйкес 10 «М» сынып оқушыларының ұраны: «Кішіге қамқорлық-бұл қызықты және жауапты іс!»
Ал, 5 «М» 1 сынып оқушыларының ұраны:
        Жақсылықтан үйреніп,
        Боламыз біз жақсы адам.
        Жамандықтан жиреніп,
        Үлгі аламыз жақсыдан.
Лицейімізде 10 «М» сынып оқушылары 5 «М» 1 сынып оқушыларына тәлімгерлік етеді.
Тәлімгерлік жұмыс – тәрбие үрдісінің маңызды құрастырушысы болып табылады. Ол әрбір баланың рухани-адамгершілік дамуына және азаматтық сана-сезімін оятуға бағытталған. Кішілерге қамқорлық көрсету тәлімгерлікті нығайтуға және бүкіл лицей  ұжымында татулықты қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Тәлімгерлік жұмыстың негізгі мақсаты – 5 «М» 1  сынып оқушыларына көмек көрсету, оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға ынталандыру, балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Атаулы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер анықталды:

  • Оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;
  • Азаматтық және патриоттық сезімдерін ояту;
  • Жауапкершіліктерін арттыру;
  • Балаларды белсенді қызмет үрдісіне араластыру;
  • Оқушылардың сабақтан тыс әрекетін ұйымдастыру;
  • Жетістіктерге қол жеткізуге ынталандыру және оған жағдай жасау;
  • Бос уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастыру;
  • Балалар ұжымын шыдамдылық пен төзімділікке баулу.

Жобаның өзектілігі:

Бастауыштан  жаңа ортаға келген бала  жоғары сынып оқушыларына еліктейтіні заңды құбылыс. Сол кезде тәлімгерлік жұмысын жүргізу- 5 сынып оқушыларын тәрбиелеуде белсенділік, төзімділік, азаматтық білімпаздық сияқты қоғамдық құндылықтарды белсенді насихаттаумен тығыз байланысты. 5 сыныптардағы тәрбиеге байланысты проблемаларды тиімді шешуде 10 сынып оқушыларының белсене араласуы маңызды болып табылады.
Тәлімгер - ол кім? Тәлімгер - балаға жан-жақты тәлім беруші. С.А.Назарбаеваның  «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу - баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз» деген болатын.
 Лицейдегі  5 сынып оқушыларының  тәрбиесі ең алдымен, 10 сынып оқушыларының  оларға   деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылардың  әлеуметтік белсенді өмір туралы тәжірибені игеруі.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

5 «М» 1 сынып оқушылары үшін – жаңа достармен танысу, жаңа өмірлік тәжірибені иелену, ортада өзінің керек екендігін сезіну. Мұндай қарым-қатынас арқылы балада ересек адамның жағымды образы қалыптасады.

10 «М» сынып оқушылары үшін – 5 «М» 1 сынып оқушыларының проблемаларын шешуге араласа алуы, олармен қарым-қатынас жасау барысында жаңа тәжірибені игеруі, нақты көмек көрсете алу мүмкіндігіне ие болады.

Жобаны жүзеге асыру үшін төмендегідей тәрбиелік әдіс-тәсілдер қолданылады:

  •  Лицейдегі қоғамдық жұмыстарға араластыру;
  • Өзара тығыз қарым-қатынас орнату;
  • Ынталандыру;
  • Үлгі көрсету.

 

 

Қызмет

бағыттары

 

 

 

Ақпараттық-танымдық

 

 

 

Ұйымдастырушылық-шығармашылық

       

 

Аталған бағыттар төмендегі қызмет түрлерін қамтиды:

Көркемдік-эстетикалық қызмет: (көркем шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру).

Ғылыми-танымдық қызмет: (оқушылардың сыныптан тыс танымдық қызметі  яғни танымдық бағыттағы үйірмелер түрінде, оқушылардың ғылыми қоғамдастығы түрінде, интеллектуалды клубтар, кітапхана кештері, дидактикалық театрлар, танымдық экскурсиялар, олимпиадалар, викториналар және т.б.)

Лицейге пайдалы қызмет («Мектеп ауласын көріктендіру» жобасы бойынша жұмыс; сыныпты, мектепті көгалдандыру бойынша жұмыс; сыныпта кезекшілікті ұйымдастыру; түрлі мамандық иелерімен кездесу; балалардың қолдан жасаған бұйымдары бойынша көрме, сенбіліктер; әлеуметтік сауалнамалар; ұжымдық шығармашылық жұмыс, әлеуметтік-білім беру жобалары және т.б.)

Жобалық қызмет (мысалы, мақал-мәтелдер, жұмбақтар жинағын шығару; тақырыптық шығармалар жинағын құрастыру және т.б.)

5 «М»1 сынып оқушылары және оларға тәлімгерлік ететін 10 «М» сынып оқушыларың бірлесіп өткізген, өткізетін іс-шараларының жоспары
 

Іс-шаралар тақырбы

Мақсаты

Өткізу формасы

«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

Оқушыларды қарт, жасы үлкен адамдарды сыйлауға және оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

Әңгімелесу;
сұрақ-жауап;

«Салауатты өмір салтын сақтайық!» тәрбие сағаты

Оқушыларды тазалыққа, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу;

конференция

«Өр Алтайдың мұз балағы»

Оқушылардың Оралхан Бөкей туралы білімдерін кеңейту;

Дөңгелек үстел

Тақырыптық саяси хабар: «Білімді мыңды жығады»

Оқушыны білімді бағалауға үйрету;

пікірталас

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»

Ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу;

Концерттік бағдарлама

Тақырыптық саяси хабар: «Дені сау ұрпақ-еліміздің болашағы»

Оқушыларға Елбасының  «Салауатты өмір салтын» насихаттау;

диспут

«Жол тәртібін білу-бәрімізге міндет

Жолда жүру ережелерін есте сақтауға және оларды бұлжытпай орындауға үйрету;

Дөңгелек үстел

«Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы»

Оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру,Елбасыны үлгі тұтуды дәріптеу;

Дөңгелек үстел

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай: «Желтоқсан шешіресі-елімнің мәртебесі!»

Желтоқсан толқынындағы аға, апайларымыздың жарқын бейнелерін есте сақтау, «Тәуелсіздіктің» құндылығын ұғындыру;

Сахналанған қойылым


                                                    Қорытынды
         Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Лицейіміздегі тәлімгерлік және өзара көмек бағытында ұйымдастырылып отырған жұмысының нәтижесі-бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігінің айқын  белгісіжәне оқушылар арасында алтын көпір іспеттес. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу- біздің тәлімгердің басты міндеті.
         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген. Ендеше, тәлімгерлердің басты міндеті – оқушы бойында отаншылдық сезімін ояту. Өйткені, біздің елімізге болашықта да адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза, елжанды азаматтар  керек.

                                    Самалы бол Отанның салқындаған,

                                    Сандуғаш бол, сайратсын  алтын далаң.

                                    Семсері бол Отанның қынабында,

                        Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған - деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, бүгінгі таңда 10 «М» сынып оқушылары  - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған. «Болмасаңда ұқсап-бақ» деп, Абай атамыз айтқандай, 5  «М»1 сынып оқушылары да белсенді, озат оқушылар болып тәрбиеленетіне сенімім кәміл.

Категория: Мои файлы | Добавил: lenok
Просмотров: 397 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Мини-чат
300

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz